
Атырау қаласының Сарыарқа ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің шатырында бұрынғы “Атырау – менің мақтанышым” деген жазу алынып тасталып, оның орнына LED экран орнатылды.
Жаңа экранда “Атырау – ақындар мен батырлардың атамекені”, “Мұнайлы қала – Атырау” сияқты қаланың ерекшелігін айшықтайтын сөздер көрсетіледі. Сонымен қатар, бұл LED экранды мерекелік құттықтаулар мен маңызды хабарландыруларды тарату мақсатында да пайдалануға болады.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, осындай LED экрандар Исатай-Махамбет алаңындағы 9 қабатты екі ғимараттың төбесіне де орнатылған. Бұл экрандарда Атырау қаласының символдары, ұлттық ою-өрнектер және еліміздің көк туын бейнелейтін бейнежазбалар көрсетіліп отырады.
- Сарыарқа ықшамауданындағы жаңартылған LED экранда “Атырау – менің мақтанышым” жазуының орнына “Атырау – ақындар мен батырлардың атамекені” деген сөйлем және түрлі бейнежазбалар беріледі. Барлық LED экрандар хакерлік шабуылдардан қорғалған, сондықтан бөгде адамдардың тыйым салынған бейнежазбаларды көрсетуіне жол берілмейді, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді түсірген автор
В Атырау -10 



