
Қазақстан ішкі нарықтағы мұнай бағасын көтеріп, нарықтық тетіктерді дамытуы керек, әйтпесе мұнай өндіруші компаниялар дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Мәскеуде Қазақстанның «PetroCouncil» мұнай-газ кеңесі мен «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығы» 1-ші халықаралық дөңгелек үстелінде «PetroMining» Қазақстан мұнай өндіруші ұйымдар қауымдастығының басшысы Саят Боранбеков мәлімдеді, деп хабарлайды «Petrocouncil».
«Қазақстанға ішкі нарықтағы мұнай бағасын көтеріп, нарықтық тетіктерді қалыптастырып, ел ішінде биржалық сауданы дамыту керек. Мұнай өндіруші ұйымдар (МӨҰ) үшін мұнай экспорты шектелген.
2029–2030 жылдарға қарай МӨҰ мен ҚМГ ішкі нарыққа өндіретін мұнайдың 100%-ын дерлік жеткізуге мәжбүр болады. Егер біз экспорт нэтбэгіне жақындамасақ, көптеген мұнай өндіруші ұйымдар аман қалмайды.
Сондай-ақ, шағын қуатты мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы ресейлік зауыттармен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отырғаны айтылды», - деді Саят Боранбеков.