Атырау, 10 ақпан 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

АҚШ Халықаралық қылмыстық соттың Бас прокурорына қарсы санкция енгізді

990 рет қаралды

АҚШ-тың Қаржы министрлігі президент Дональд Трамптың бұйрығымен Халықаралық қылмыстық соттың Бас прокуроры, Ұлыбритания азаматы Карим Ханды санкциялар тізіміне енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. 

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) бейсенбіде Ханға қарсы санкциялар салынғанын, оның АҚШ-тағы активтеріне, елге кіруіне тыйым салғанын жариялады. 

Дональд Трамп Ханға және болашақта ХҚС-тың басқа қызметкерлеріне қарсы санкциялар енгізу туралы жарлықты 6 ақпанда шығарды. 

Трамптың мотивациясына ХҚС өткен жылы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Израильдің сол кездегі қорғаныс министрі Йоав Галлантты қамауға алуға ордер бергені себеп болды. 

АҚШ та, Израиль де ХҚС жарғысы – «Рим статуты» деп аталатын құжатқа қол қойған жоқ және оның юрисдикциясын мойындамайды. 

2023 жылдың наурызында ХҚС Ханның бастамасымен Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы украиндық балаларды заңсыз депортациялады деп айыптап, тұтқынға алу туралы ордер шығарды. 

14 ақпан 2025, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.