Атырау, 25 желтоқсан 07:48
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қызылқоғада жүк көлігінің жүргізушісі қалдықты далаға төкті

1 150 рет қаралды

Әлеуметтік желіде Қызылқоға ауданындағы "Тайсойған жерінде мұнай барлап жатқан компанияның жүк көлігі далалық жолға қоймалжың сұйықтық төгіп кетіпті" деген бейнежазба тарады. 

Көргендердің айтуы бойынша, бұл сұйықтық Миялы ауылынан 30 шақырым жердегі Қуыс пен Сарқыз деп аталатын шағылдың ортасындағы жолда төгілген. Бұған қызылқоғалықтар елең етіп, қызу талқыға салды. 

Тайсойған жобасы бойынша құрылған комиссия мүшелері қарап жатпай, бұл жайтты анықтауға тырысқан. Шлам қалдықтарына ұқсас бұл сұйықтық Жылыой ауданындағы арнайы полигонға төгілуі тиіс екен. Алайда жүргізуші белгісіз себептермен оны арнайы төгетін жерге жеткізбеген. 

Бұл дерек бойынша Атырау облыстық экология Департаменті қалдықтың зияндылығын анықтау мақсатында бір топ маманды жіберген. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалдықтар алынып, лабораториялық тексеріске жіберілген. Қандайма зияндылығы анықталса, төккен мекеме жауапкершілікке тартылады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 ақпан, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.