Атырау, 21 наурыз 06:33
 ашықВ Атырау +7
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

«Алтын жаңбыр» үмітті ақтамады: Құлсарыдағы Жастар үйін басқа мердігер қолға алды

Сурет
888 просмотра

Құлсары қаласында Жастар үйі ғимаратының алдағы тағдырына қатысты мәселе шешілді. Жөндеу жұмыстарын жүргізген жосықсыз компаниямен келісімшарт бұзылғаны белгілі болды.

Қаланың қақ ортасында орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 161 млн 184 мың теңге бөлінді. Конурсты "Алтын жаңбыр-Золотой дождь" ЖШС ұтып алды. Бұдан үш жыл бұрын жұмыс басталып, шатыры ауыстырылып, жылу жүйесі жүргізіліп, терезесі жаңаланап, электр желісі жаңартылғаннан кейін жұмыс тоқтап қалды. Мердігер бастапқыда жұмыс күші жетіспеді, құрылыс материалдары кешікті дегенімен, ақыр аяғында қарасын көрсетпей жоғалады.

Тапсырысшы - қала әкімшілігі ЖШС тарапына бірнеше хат жіберіп, әліптің артын күтеді. Дегенмен  кестеден кешігіп, сенімнен айрылған серіктестікті 2021 жылы Атырау облыстық мамандандырылған экономикалық сотқа береді. 


- Басқалай амалымыз қалмады, мүмкіндік те бердік. 2023 жылдың қарашасында сот бұл талабымызды оң шешіп, екіарадағы келісім шартты бұзып тастады,-дейді қала әкімі Қадыржан АДИНОВ. 

Жалпы жастар үйінің жөндеу жобалық-сметалық құжаттамасы 2019 жылы жасалған. Бұдан бері құрылыс материалдары бірнеше рет еселеп өскен болатын. Сол себептен алдымен тапсырысшы сметаға түзету енгізуді ұсынған болатын. Осылайша жастар үйін күрделі жөндеуге 322 млн 573 мың теңге қаржы қаралды.

Жаңа мердігер "ТенгизТрансКазахстан" ЖШС Жастар үйінің көрермен зал, еден, есіктерін ауыстыру, абаттандыру жұмысына кірісіп кеткен. Бүгінде оншақты жұмысшы сылақ жұмыстарын жүргізсе, ал тағы бір бригада электр желілерін жаңарту үстінде. Жұмысшылардың айтуынша, құрылыс материалдарында кідіріс жоқ көрінеді, еңбекақыларын уақтылы алып жүр. 

Мердігер Жастар үйінің күрделі жөндеуін осы жылдың маусымында аяқтауды міндетіне алған. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттерді түсірген автор

14 ақпан, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.