Атырау, 28 наурыз 05:06
 ашықВ Атырау +11
$ 498.25
€ 537.16
₽ 5.96

Атырау айтыскерлерінің шығармалары кітап болып шықты

Сурет
1 035 просмотра

Ғ.Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханада өткен шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әбіл ЖОЛАМАНОВ және айтыс ардагерлері қатысты.

Жинақта жергілікті ақындардың сахнада айтыс кезінде айтқан орамды ойлары мен отты жырлары жинақталған. Айтысты Республикалық айтыстардың жеңімпазы, Мәдениет саласының үздігі, Саадат Нұрманов жинақтаған. 

- Бұл жинақ – қазақтың бай ауыз әдебиетін, суырыпсалмалық дәстүрін дәріптейтін құнды еңбек. Ел аузында айтылып жүрген ақындардың орамды тіркестерін, ұтқыр жауаптарын көпшілік қай ақын айтқанын біле бермеуі мүмкін. Сондықтан біздің заманға дейін жеткен кейбір ақындардың шумақтары авторлары белгісіз болып, халық айтты деп айтылып жатады. Ал кітапқа таспаланған сөз өшпейді, - деп атап өтті тұсаукесер кеште Әбіл Жоламанов.

Кітап «Атыраулық айтыскер ақындардың шығармалар жинағы» деген атаумен шығып, 600 данамен басылған. Оның ішінде жиырма айтыскердің облыстық, республикалық сахнада өнер көрсеткен айтыстары енген.

Кітаптар оқырманға қолжетімді болуы үшін Атырау облысындағы барлық кітапханаға жеткізілетін болады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

13 ақпан, 22:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.