Атырау, 25 желтоқсан 02:57
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Көктем жақын, ал өтемақы әлі жоқ

1 074 рет қаралды

"АЖ" редакциясына Махамбет ауданы тұрғыны хабарласып, жекеменшігіндегі аула-қорасын су тасқыны кезінде зардап шегіп, бірақ әлі күнге әкімшілік тарапынан көмек берілмегенін айтады.  

Осыған орай редакция Махамбет ауданы әкімшігімен хабарласты. 

- Су тасқыны кезінде барынша ауылдарды аман сақтап қалуға жұмыстандық. Бірақ кейбір шаруашылықтың ауласына топан су кірді. Жүзден астам аулаға су кірді. Ол шығынды анықтау үшін 60-тан астамына бағалау жүрді, барлығы да бағаланады. Бағалаумен аудандық жер қатынастары бөлімі айналысуда. Бағалау біткесін қаржы қайдан бөлінетінін айтатын боламыз, -дейді Махамбет ауданының әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ. - Сондай-ақ егіншілігі және жеміс ағаштары су астында қалған 94 шаруа қожалығынан арыз түсті. Оның 68-нің арызы қанағаттандырылып, 741 млн теңге өтемақы төленді. 

Қ. Нұрлыбаев қыстақтары су астында қалған шаруа қожалықтарының мәселесімен облыстық кәсіпкерлік басқармасы айналысатынын айтты. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 ақпан, 22:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.