Атырау, 19 ақпан 01:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

​Атырау облыстық әкімдігі несиені қандай мақсатқа алған

1 170 рет қаралды
Фото: freepik.com

«АЖ» облыс әкімдігінің 2015-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 22 млрд 462,7 млн теңгені құраған несиелері қандай мақсатқа алынғанын анықтады.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша облыс әкімдігінің кредиттік шарттар бойынша республикалық бюджетке берешегі жоқ. «Барлық несиелік міндеттемелер өтеу кестесіне сәйкес уақытында төленеді», - деп хабарлады Атырау облысының қаржы және экономика басқармасы.

Сонымен, ақша не үшін бөлінген:

5 млрд 457,4 млн теңге – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға.

2 млрд 155,6 млн теңге – кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге.

1 млрд 504,0 млн теңге – ауыл тұрғындарының кірісін арттыру жобасын кеңейту үшін ауыл тұрғындарына шағын несие беруге.

1 млрд 461,5 млн теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға.

1 млрд 295,9 млн теңге – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда шағын несиелендіруге.

1 млрд 245,1 млн теңге – моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге.

1 млрд 142,1 млн теңге – тұрғын үйді жобалауға және (немесе) салуға.

1 млрд теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы аясында кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға.

930,0 млн.теңге – жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдем етуге.

Бөлінген бюджеттік несие қаражатын мақсатсыз пайдалану немесе тиімсіз пайдалану деректері анықталған жоқ, деп атап өтті облыстық ҚЭБ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

13 ақпан 2025, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.