Атырау, 7 маусым 23:12
 дождьВ Атырау +20.6
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Атырауда Ақтөбе облысы тұрғынынан 500 дозадан астам синтетикалық есірткі тәркіленді

1 445 рет қаралды
Сурет: polisia.kz 

Атырау облысында полицейлер есірткі сатушының әрекетін тоқтатып, одан 500 дозадан астам синтетикалық «Альфа-PVP» есірткі затын тәркіледі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде үйінің ішінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 30 жастағы Ақтөбе тұрғынын ұстады. 

- Күдіктіні тінту барысында жалпы құны 30 миллион теңге болатын есірткі тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің Атырау қаласына Telegram арқылы синтетикалық есірткі заттарын cатумен айналысатын интернет дүкенге жұмысқа орналасу мақсатында келгені анықталды, - деп хабарлады баспасөз қызметі.. 

Қазіргі уақытта тергеу сотының үкімімен күдікті екі айға қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

13 ақпан 2025, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.