
Атыраудағы Нұрсая-3 ықшамауданында Қарим Мыңбаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй секторындағы тұрғындар өз көшелеріне шлагбаум орнатып, жауып тастаған.
Заңды елемеген коттедж қалашығы тұрғындардың әркететі жүргізушілердің ашуын туғызып, оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
Желіде тараған видеоның астына тұрғындар заңсыз әркетті тоқтатуды талап еткен.
Атырау қаласы әкімдігінен білгеніміздей, полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шлагбаумды алдыртып тастаған. Тәртіп бұзушыларға ескерту жасалды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Видео әлеуметтік желіден алынды
В Атырау -10