Атырау, 21 наурыз 06:49
 ашықВ Атырау +7
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Қазақстанда өңделмеген балықты экспорттауға уақытша тыйым салынды

603 просмотра

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы №29 бұйрығына сәйкес, ел аумағынан, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынды.

Тыйым 2025 жылдың 14 ақпанынан бастап 14 тамызына дейін күшінде болады. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы хабарлағандай бұл шектеу келесі өнімдерге қатысты:

• Балғын немесе салқындатылған көксерке (ЕАЭО СЭҚ ТН 0302891070 коды);
• Кларий (африкалық) жайын балығынан басқа, балғын немесе салқындатылған жайын балығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 0302720000 коды);
• Кларий (африкалық) жайын балығынан басқа, мұздатылған жайын балығы (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303240000 коды);
• Мұздатылған көксерке (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303891070 коды);
• Басқа да тұщы су балықтары.

Бұл шара балық ресурстарын сақтау және олардың заңсыз экспортын шектеу мақсатында енгізілген.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 ақпан, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.