Атырау, 9 қазан 20:19
 дождьВ Атырау +25.1
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Оныншы қабатқа шығып кеткен ит құтқарылды

1 256 рет қаралды

Бүгін, 11 ақпан күні Атырау қаласындағы Әбілхайыр хан даңғылы бойында салынып жатқан көпқабатты ғимараттың 10-шы қабатына ит шығып, өздігінен түсе алмай қалған. 

Шатырда қыңсылап тұрған итті байқап қалған қала тұрғыны дереу құтқарушыларға хабарласқан.

Оқиға орнына жеткен Атырау облысы ТЖД-ның үш құтқарушысы арнайы құтқару құралдарын қолданып, итті қауіпсіз жерге түсіріп, құтқарып қалды, деп хабарлады ТЖД Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 ақпан 2025, 23:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.