
500-ге жуық адам жұмыс іздеуге келген. Оларға Атырау облысында жұмыс істейтін елу ұйым мен кәсіпорындағы бос жұмыс орындары ұсынылды.
Олардың қатарында «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Атырау-Жарық» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «NCOC» ЖШС, «Стамгазстрой», «Orion Group KZ», «КазТурбоРемонт», «АтырауНефтеМаш», «GPS Investment», «Силлено», «КPI», «Атырау мұнай өндеу зауыты», «Атырау жылу жүйелері», «Спецавтобаза», «Шлюмберже», «Карат», «Ақжайық Автопарк», «Атырау Автопарк», «Infinity Mall», «Идеал Трейд Маркет», «Эйр Энерджи Каспиан», «WOOD KSS» және басқа да компаниялар бар.
Жәрмеңкеде көлік жүргізуші, экономист, фельдшер, инженер, аспаз, даяршы, менеджер, бухалтер, заңгер, электрик, электромонтер, тас қалаушы, сылақшы, тазалаушы, дәнекерлеуші, сатушы-кеңесші, инженер-электрик, бақылау-өлшеу аспаптары инженері, техника қауіпсіздігі инженері, жобалау инженері, инженер-конструктор, супервайзер, құрылыс менеджері, экономист, т.б мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды.
– Жұмысқа қабылдаған жағдайда компаниялар мемлекеттік органдарға алдын ала хабардар етеді. Сондай-ақ, алимент бойынша борышкерлер, жазасын өтеу орындарынан босатылған, пробация есебінде тұрған азаматтар жұмысқа орналасу мүмкіндігін алуға шақырылды, – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет ХАСАНОВ.
Сондай-ақ, ол жәрмеңкеге қатысушыларға «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас жобасы» жобалары аясында мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары туралы ақпарат берілгенін атап өтті.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау 0