Атырау, 24 желтоқсан 19:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Мақат ауданының тұрғындары сортаң жердің зардабын​ тартып келеді

Сурет
1 009 рет қаралды

Қыс мезгілінде бұл жерлер көлге айналса, ал жазда буланып, көлдің орнын тұз қабыршағы жабады. Тұрғындар Мақат ауданындағы осынау сортаң жердің зардабын бірнеше жылдан тартып келеді. 

Жалпы аудан бойынша 165 гектар жер сор болса, Мақат кентінде 91, ал Доссорда 73 гектары орналасқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша қатты жел болғанда шаңмен бірге көтеріліп, иісі қолқаны қабады екен. 

- Бұл мәселе бұрыннан көтеріліп келеді. Онкологиялық аурулардың көбеюі осының салдарынан болып жатыр. Халықтың денсаулығын қорғау бірінші орында тұру тиіс. Оның үстіне тек кентте емес, кен орындарын рекультивизациялау дұрыс жүріп жатқан жоқ. Сол себептен осыған да назар аударылуы керек,-дейді қоғам белсендісі Ғазиз ҒАБДУЛЛИН

Аталған экологиялық мәселені шешу мақсатында 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. Жоба құны 11 млрд 213 млн теңгеге бағаланған. Алайда қаржы жоқтықтан кейін шегеріліп келеді екен, мұнай компаниялары демеушілік көрсетпепті. 

- Аудан тұрғындарының көтеріп жүрген сор жерлерді көму бұрыннан айтылуда. Жобаны іске асыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғандықтан қазіргі уақытта жобаға түзету енгізу жоспарлануда. Біз тұрғындармен кездескенде осы жобаның қолайлы жағын қарастыруды айтқан болатынбыз. Сор жерлерді көмсек, ол қайтадан шығуы мүмкін, онда қыруар қаржыны жер жұтып қоюы ғажап емес. Сол себептен жергілікті тұрғындар келісімімен қаржылар бөлінген жағдайда Мақат және Доссор кетіндегі 1911-1949 жылдары салынған барак типтес үйлерде тұратындарды жаңа қонысқа көшіру тиімдірек деп ұйғарылды,-дейді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Бекадил ЖАЙКИН. 

Бірақ қоғам белсендісі Ғ. Ғабдуллин бұл келісім дұрыс емес дейді. Онсыз да жаңа үйлерді салуға жыл сайын бюджеттен қаржы бөлініп келеді, сол себептен кен орнындағы және кенттердегі сор жерлер көмілуі тиіс дейді ол. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

11 ақпан, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.