Атырау, 2 сәуір 0850
 ашықВ Атырау +20
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

​​Kazenergy қауымдастығында мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі атқарушы директор тағайындалды

846 просмотра

Kazenergy қауымдастығының Мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі атқарушы директоры болып Данияр Нәсіпов тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Данияр Нәсіпов – мұнай-газ саласын цифрландыру, өндірістік үдерістерді автоматтандыру және стратегиялық басқару саласындағы сарапшы. Халықаралық бизнес университетінде (UIB) экономика және бизнес бакалавры және магистрі дәрежесін, сондай-ақ McCallum Graduate School of Business, Bentley University (Бостон, АҚШ) ақпараттық жүйелер және технологиялар бойынша MBA дәрежесін алды.

Мұнай-газ саласында және IT-салада көп жылдық тәжірибесі бар. Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін технологиялық шешімдерді әзірлеумен айналысатын және цифрлық трансформацияға маманданған AppStream ЖШС негізін қалаушы және басшысы болып табылады. Сондай-ақ ол KAZENERGY қауымдастығымен бірлесіп құрылған «Энергия» талдау орталығы» ЖШС-нің (Exia.kz) тең құрылтайшысы және басқарушы серіктесі. Exia – Қазақстан және Каспий өңірінің энергетикалық секторы үшін құрылған интеграцияланған талдамалық платформа.

Бұған дейін Данияр Нәсіпов мұнай-газ компаниясында жоба жетекшісі қызметін атқарған, онда мұнай-газ кен орнын цифрландыру бойынша озық бастама болып табылатын Digital Oilfield жобасын басқарған. Жоба аясында өндірісті басқарудың инновациялық технологиялары енгізілді, бұл мұнай өндіру көлемінің 10%-ға ұлғаюына, лифтинг-шығындардың төмендеуіне және операциялық тиімділіктің артуына әсер етті.

Сонымен қатар, әр жылдары ол мұнай-газ және IT саладағы түрлі компанияларда ірі цифрлық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ талдамалық жүйелерді енгізуге белсенді атсалысты.

10 ақпан, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.