
Нұрлан Мұратов ExxonMobil компаниясының Қазақстан бойынша басқарушы директорының орынбасары - Теңіз жобасындағы ExxonMobil үлесін басқару жөніндегі менеджер болып тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.
Нұрлан 1997 жылы Остиндегі Техас университетін геология бакалавры дәрежесімен бітірді, сонымен қатар сол оқу орнында энергетика және табиғи ресурстарды басқару магистрі дәрежесін алды.
Ол ExxonMobil компаниясында еңбек жолын АҚШ-тың Хьюстон қаласында геолог ретінде бастады. 2002 жылдан 2012 жылға дейін ол ExxonMobil компаниясында геолог, аға геолог, техникалық топ жетекшісі және АҚШ пен Ұлыбританияда геология бойынша кеңесші лауазымдарында еңбек етті.
2014 жылдан 2019 жылға дейін ол ExxonMobil компаниясынан NCOC-қа Геология бөлімінің басшысы ретінде жіберілді.
2019 жылдан 2021 жылға дейін ол ExxonMobil компаниясынан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на Үздіксіз жетілдіру кеңсесінің директоры лауазымына жіберілді.
2021 жылдан 2025 жылға дейін «КТК» АҚ-да ExxonMobil үлесін басқару жөніндегі менеджер болды.
Нұрлан ExxonMobil-де бұл лауазымға ие болған алғашқы қазақстандық.