Атырау, 2 сәуір 0632
 бұлттыВ Атырау +15
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

Шафкат ​Құдабаев​ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды​

695 просмотра

Құдабаев Шафкат Серікұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық мұнай компаниясының баспасөз қызметі. 

Ш.Құдабаев Қарағанды бизнес, басқару және құқық университетін, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінде жетекші маманы болып бастаған
2002-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарды: ҚМ Салық комитеті заң басқармасының бастығы, Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған басқармасының басшысы және т.б.

2020-2021 жылдары «BTS Digital Ventures Fund» ЖК-да салық мәселелері бойынша сарапшы

2021-2022 жылдары «KAZENERGY» Фискалдық реттеу департаментінің атқарушы директоры

2022-2024 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры.

2024 жылғы қазан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Бақылау-ұйымдастыру жұмысы және сыртқы байланыстар департаменті Басқарма төрағасы қызметінің бизнес-серіктесі болып жұмыс істеді.
 
Ш.Құдабаев құқықтық мәселелер жөніндегі бағытты басқарады.

10 ақпан, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16