Атырау, 9 сәуір 0739
 ашықВ Атырау +12
$ 518.57
€ 566.59
₽ 6.05

Уолтц: Трамп соғысты аяқтағысы келеді, бірақ қауіпсіздікке Еуропа кепіл болуға тиіс

210 просмотра 11 пікір
Сурет: Азаттық Радиосы

АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдері жақында Еуропаға барып, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қалай аяқтауға болатынын талқыламақшы. АҚШ соғысты аяқтағысы келеді, бірақ Украина қауіпсіздігіне кепіл болу мәселесі Еуропаға жүктеледі деді АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолтц NBC телеарнасына берген сұхбатында, деп жазады Азаттық Радиосы.

Америка президентінің кеңесшісі осы аптада Еуропаға АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, қорғаныс министрі Пит Хегсет, вице-президент Джей Ди Вэнс пен АҚШ-тың Украина мен Ресей жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлогг барады деп айтты.

"АҚШ президенті келіссөзге барлық тарапты тарту үшін әрекет етуге дайын", – деді Уолтц. Оның сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамп қажет болса, Ресейге қарсы салық, тариф бойынша іс-шара қолдануға дайын.

"Барлық тарапты келіссөз үстеліне тартып, мына соғысты тоқтатуымыз керек. Бұл туралы президент Симен (Қытай төрағасы Си Цзиньпин – ред.), премьер-министр Модимен (Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди – ред.), Таяу Шығыстағы басшылармен әңгімеде айтылды. Бәрі президент Трампқа бұл соғысты тоқтатуға көмектесуге дайын. Барлық тарапты келіссөз үстеліне шақырамыз", – деді АҚШ президентінің кеңесшісі.

Уолтцтың сөзінше, Трамп АҚШ-тан Украинаға көмек беру туралы Киевпен келіссөз жүргізуге дайын. "Бұл шығындарды өтеу керек, украиндермен сирек кездесетін металдарын, табиғи ресурстарын, мұнай мен газын, сондай-ақ біздің ресурстарды сатып алу бойынша серіктестік болады", – деді Уолтц. Ол "мұндағы негізгі қағида – еуропалықтар осы қақтығыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Президент Трамп соғысты аяқтамақшы, ал қауіпсіздік кепіліне толықтай еуропалықтар жауап береді" деді АҚШ президентінің кеңесшісі. Бірақ ол жоспардың жай-жапсарын ашып айтпады.

Уолц Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен Украинадағы соғысты аяқтау мәселесін телефонмен талқылағаны жайлы сөзін растаған да, терістеген де жоқ. Бұған дейін Кремль ол жөнінде пікір беруден бас тартқан.

9 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдері Украинаға Ресей агрессиясы қайталанбайды деп қауіпсіздікке кепіл берсе, келіссөзге дайын екенін мәлімдеген.

10 ақпан, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16