Атырау, 12 ақпан 10:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

​Ақтауда «Қаламқас-теңіз – Хазар» жобасын іске асыру барысы талқыланды

1 212 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ақтау қаласында «Kalamkas-Khazar Operating» (KKO) басшылығымен кездесті. Компания «ҚазМұнайГаз» және «Лукойл» ЖАҚ «Қаламқас-теңіз — Хазар» бірлескен жобасының операторы, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Кеңесте ағымдағы жұмыс жағдайы мен 2025 жылға арналған міндеттер талқыланды. Қазір жоба құжаттары дайындалып жатыр. KKO-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес аталмыш жұмысқа «Мемсараптама» РМК мамандары да тартылады.

ККО-ға жобалауды аяқтау және құрылысқа ЕРС-мердігерді анықтау міндеттері қойылды.

«Қаламқас-теңіз — Хазар» - Қазақстандағы ең ауқымды және технологиялық жағынан күрделі жобалардың бірі.

Жергілікті қамтуды дамыту аясында Теңіз платформаларының құрылысы алғаш рет Қазақстан верфтерінде жүргізіледі. Бұл отандық кеме жасау мен мұнай-газ саласы үшін маңызды қадам.

8 ақпан 2025, 22:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.