Атырау, 24 желтоқсан 21:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Атырау облысында алаяқтар он зейнеткерді алдаған

Бейнежазба
1 317 рет қаралды

Алданғандар қатарында он зейнеткер бар. Бүгінде 37 қылмысқа қатысты үш күдіктіге қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникацялар қызметі.

Полицейлер «Казпоштаның» қаладағы 20 шақты бөлімшесінің қызметін пайдаланушыларға жаднамалар таратып, шынайы пошталық хабарламалар мен жалған SMS-терді ажырату жолдарын түсіндіріп, күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігін ескертті.

- Зейнеткерлер пошта қызметін жиі пайдаланатындықтан бұл профилактикалық іс-шараны осында өткізудеміз. Соңғы уақытта пошта қызметкерінің атын жамылып, арам ойын іске асыратындар көбейді. Алаяқтық жолдары әдетте келесідей әдіспен жүзеге асады: жәбірленушіге оның атына сәлемдеме келгені туралы қоңырау шалып, «сізге сәлемдеме келіп тұр» деген жалған ақпарат жібереді. Жәбірленушіден төрт санды SMS кодын сұрап, оның атына ірі көлемде онлайн несие рәсімдейді, - дейді Атырау облысы ПД Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Садуақас Жангалиев.

Айта кетейік, былтыр аймақта интернеттегі алаяқтыққа байланысты мың шақты дерек тіркелген.


8 ақпан, 03:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.