
Полиция қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына рейд жүргізу кезінде Исатай ауданындағы Жанбай ауылының маңында тіркемесі бар «Урал» мотоциклін тоқтатты.
Оның ішінде төрт адам болған. Тексеру кезінде заңсыз ауланған және 10 қапқа салынған 530 келі қара балық табылды. Сондай-ақ ұсталғандардан екі пышақ пен екі радиоқабылдағыш тәркіленді.

Барлық тәркіленген балық «Тілекші» мамандандырылған цехына жіберілді. Браконьерлік фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпанның 1-і мен 28-і аралығында Атырау облысында табиғи ресурстарды заңсыз балық аулау мен саудадан қорғауды мақсат ететін «Браконьер» ауқымды операциясы өтіп жатқаны белгілі.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -6