
Атыраудағы Әйтеке би көшесіндегі субұрқақта үш жасар баланың қаза болғаны туралы істің сотқа жетпегені туралы «АЖ» жарияланымынан соң, жаңалық пайда болды.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылдың 26 шілдесінде болған: 3 жасар Никита ҚАПИЗОВ субұрқақта ойнап жүргенде, аяғын сорғыш тартып, суға шашалып қалған. Аталған факті бойынша ҚК-тің 41-бабының 2-бөлімі («Жас баланың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жарты жылдан кейін сотқа дейінгі тергеу тоқтатылғанын жазған едік.
Қазіргі уақытта қайтадан қылмыстық іс қозғалды, бірақ енді 306-бап («Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету») бойынша.
Полицейлер енді інісіне бақылау жасай алмаған балаға емес, осы және қаладағы басқа 35 субұрқаққа қызмет көрсететін «Ибрахим» ЖК-не назар аударып отыр.
Айтпақшы, дәл осы бап бойынша қалалық сот Жеңіс саябағында үстіне бюст құлаған 7 жасар қыздың өліміне қатысты істі қарап жатыр.
«Ұлымды қайтару мүмкін емес, бірақ кінәлілер жазалануы керек», - дейді марқұм бүлдіршіннің анасы Светлана ҚАПИЗОВА.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау 0