Атырау, 2 сәуір 09:28
 ашықВ Атырау +20
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

Қалай авиаотынның бағасын төмендетуге және тапшылықтың алдын алуға болады: бизнес ұсынымдары және үкімет әрекеті

1 065 просмотра

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) төрағасы Марат Омаровтың жетекшілігімен Қазақстан әуежайларындағы авиациялық жанармайдың құнын төмендету мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды "Нефть и газ Казахстана" Telegram-арнасы.

Оған мемлекеттік органдардың, «ҚазМұнайГаз», PetroMining және Астана әуежайының өкілдері қатысты, деп хабарлайды БҚДА баспасөз қызметі. Қарағанды әуежайының менеджерлері шақырылды ма, жоқ па, білмейміз, бірақ оның иесі Ерлан Оспановтың авиаотын нарығына өзіндік көзқарасы бар.

«Отын тапшылығы мәселесін шешу үшін келесі шаралар қажет деп ойлаймын:
1. Авиаотынды биржалық тауарға теңестіру.
2. Жергiлiктi өндiрiлген авиаотын 0% мөлшерлеме бойынша ҚҚС-пен тауар биржасында ғана (мiндеттi) сатылады.
3. Тауар биржасында импорттық отынды (міндетті емес) сату кезінде 0% мөлшерлемелік ҚҚС салынады. Биржадан тыс – қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес ҚҚС-мен.
4. ҚР-да 0% мөлшерлеме бойынша ҚҚС-мен авиаотынды импорттау.
5. Әуе билеттерін 0% мөлшерлемелік ҚҚС-мен сату.
6. Шетелдік авиаотынды сертификаттау және имапорттық баж салығын жою.
Әуежайлардың жанармай құю қызметін шектеу нарықты жандандырмайды ».

Шенеуніктер іскер жандарға құлақ асар ма?

7 ақпан, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16