
Еркінқала ауылы маңында көлік жолына белгісіз біреулердің арматурадан жасалған штирлерді қағып тастағаны туралы бейнежазба тарады.
Видеода балық шаруашылығы қызметкерлерінің «УАЗ» маркалы көліктерінің екі дөңгелегі бір уақытта жарылғаны көрінеді.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы Рүстем Қорқытовтың айтуынша, бұл штирлер браконьерлердің заңсыз әрекетінің нәтижесі. Олар көбіне мотоциклдермен балық аулап, өздерінің іздерін жасыру үшін осындай әдістерге жүгінеді. Штирлер көбінесе оларды қуған кезде қуып жеткендерді тоқтату мақсатында орнатылады.
«Балық қорын қорғау қызметкерлері мұндай кедергілермен жиі кездеседі, және мұндай штирлерді байқаған сайын жолдан алып тастап отырады», – деді баспасөз қызметі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Бейнежазба әлеуметтік желіден