Атырау, 19 ақпан 04:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Атырауда жеті әлеуметтік нысанның құрылысы басталады

1 205 рет қаралды

Биыл Жылыой ауданы Құлсары қаласында Мешіт мөлтек ауданынан дарынды ер балаларға арналған 300 орындық мектеп-лицейдің құрылысы басталады.

Қазіргі кезде мектептің құрылысына 3 млрд 200 млн  теңге жоспарланып, мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына қойылған.

Атырау облысында биыл бұдан бөлек тағы 6 әлеуметтік нысанның құрылысы басталады.

Олар:

  • Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында 80 орындық мектеп және 30 орындық интернат құрылысы;
  • «Атырау қаласы Береке ауылында 25 келушіге арналған жанұялық дәрігерлік амбулатория құрылысы;
  • Атырау қаласы Алмалы ауылында 25 келушіге арналған жанұялық дәрігерлік амбулатория құрылысы;
  •  «Атырау қаласы Еркінқала селосындағы 150 орындық саз мектебінің құрылысы;
  • «Атырау қаласы Еркінқала селосында Дене шынықтыру кешені құрылысы;
  • «Атырау қаласы Жұлдыз ы/а дене шынықтыру кешені құрылысы.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 ақпан 2025, 21:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.