Атырау, 21 наурыз 06:35
 ашықВ Атырау +7
$ 502.83
€ 545.37
₽ 5.95

Индер ауданында 80 пәтерлік тұрғын үй табысталды

815 просмотра

Тұрғындарға «Көктем» мөлтек ауданы 11-аймақтан 80 пәтерлік жаңа баспананың кілттері табысталды.

Бұл 80 пәтерлік тұрғын үйдің 10 пәтері ипотекалық несие түрінде, 10 пәтері бюджет қызметкерлеріне, қалған 60 пәтері мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұрған адамдарға, яғни көп балалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ерекше бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға табысталды. Аталған тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары «Еврострой-А» ЖШС-і мекемесінің мердігерлігімен салынды.

Айта кетер жәйт, соңғы 5 жылдықта Индербор кентінде 2021 жылы 80 пәтер, 2023 жылы 192 пәтер табысталса, Жарсуат ауылдық округінде 10 үй кезек бойынша әлеуметтік осал топ, аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты аналарға берілген болатын.

Ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес Индербор кентінде 80 пәтер, Бөдене ауылдық округінде 12 тұрғын үй кезектілікпен табысталатын болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 ақпан, 21:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.