Атырау, 30 наурыз 19:35
 ашықВ Атырау +13
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Атырауда орталық көпірде өзіне қол салмақ болған ер адам құтқарылды

914 просмотра

Ол алкогольдік масаң күйде болған 49 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

 3 ақпанда суицид әрекеті туралы хабар қаланың жедел басқару орталығына өтіп бара жатқан тұрғындардан келіп түскен. Олар ер адаммен сөйлесіп, оны жаман ойдан арылтуға тырысқан. Патрульдік полиция қызметкерлері келген кезде ер адамды көпір қанатынан шығарып алып, мән-жайды әрі қарай анықтау үшін жедел-тергеу тобына тапсырған.

«Медициналық сараптама нәтижесінде 49 жастағы ер адамның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде екені анықталды», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

7 ақпан, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.