
«ҚазМұнайГаз» 2025 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Атырау облысындағы полиэтилен зауыты құрылысының ағымдағы жағдайымен бөлісті.
Қазіргі жағдай (қаңтар 2025):
- Инженерлік дайындық жұмыстары 32% орындалды (жоспар бойынша – 22%)
- Негізгі учаскелерді тегістеу жұмыстары аяқталды (пиролиз, полимеризация, логистикалық кешен)
- Энергетикалық ресурстарға техникалық шарттар алынды (электр энергиясы, сумен жабдықтау)
Орындалған жұмыс көлемі:
- Топырақтың құнарлы қабатын алу – 2,6 млн м²
- Топырақты өңдеу – 510 мың м³
- Топырақты кері төгу – 476 мың м³
Келесі қадамдар:
- Зауыттың жалпы шаруашылық аймағында топырақты өңдеу және кері төгу жұмыстары жалғасуда.
- Зауытішілік және сыртқы жолдар құрылысы
- Құрылыс алаңын EPC-мердігерлерге тапсыру
Жоба туралы: Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт. Инвестиция көлемі – $7,4 млрд
Құрылыс кезеңінде шамамен 8000 жұмыс орны, ал іске қосылғаннан кейін 800 жұмыс орны ашылады.
20-дан астам полиэтилен маркасын өндіреді деп жоспарлануда, оның 40%-ы премиум санатқа жатады
Операторы – «Силлено» ЖШС.