Атырау, 19 ақпан 05:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Ордабай көлінде шабақтар құтқарылып жатыр

821 рет қаралды

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Жылыой ауданы Ордабай көліндегі көпірдің маңынан мұз астында жиналып қалған балық шабақтарын анықтады.

Инспекцияға қарасты Теңіз балық инспекция бөлімінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған аймаққа бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында балықтардың тұншығу салдарынан қырылғаны белгілі болып, өлі шабақтар жиналып, тірі балықтар құтқарылды.

- 4 ақпан күні қырылған жеті келі балықты арнайы орынға көму жұмыстары жүргізілді. Оған қоса Ордабай көліндегі тірі шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Сүзіп алып, балықтарды ыдыстарға жинап, аудан орталығы Құлсарыға жеткізіліп, Қамыскөлге жіберілді. Бір күнде 23 мыңға жуық балық жиналып, табиғи ортасына жіберілді.,- деді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инпекциясы бөлімінің бас маманы Исабек Гумаров.

Ол балық шабақтарын құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатқанын айтты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 ақпан 2025, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.