Атырау, 22 желтоқсан 22:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау тұрғындары тротуар құрылысын аяқтауды талап етті

1 238 рет қаралды

Атырау ықшамауданы тұрғындары Шманов көшесінде жасалып жатқан жаяу жүргінші жолы былтыр жаздан бері тоқтап қалғанын айтады. Бүгінде жол жиектері салынғанымен, ортасын арамшөп басып қалған.

 - Жаяу жүргінші жолы салынып басталғанда қуанып едік. Бірақ құрылыс тоқтап қалды. Балалар сабақтан шыққанда көлік жолының жиегімен жүруге мәжбүр. Ол жолда үлкен жүк көліктері қатынайды, бұл балалардың өміріне қауіп төндірмей ме? -деп алаңдайды жергілікті тұрғын Зульфия КАЙРГУЖИЕВА.

Қала әкімдігі жол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына өзгеріс енгізу қажеттігіне байланысты уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

- Қазіргі уақытта жобаға түзетулер енгізілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл қайта жалғасып, аяқталады, - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бейнежазбаны тұрғындар жолдады

6 ақпан, 18:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.