Атырау, 2 сәуір 08:06
 ашықВ Атырау +20
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

Жылына 1 млрд м³ газ: Қашағандағы ең ірі газ өңдеу зауытының құрылысы қалай жүріп жатыр?

564 просмотра

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Ол газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында болып, құрылыс операторы «GPC Investment» ЖШС мен бас мердігер «Kazakh Construction Group» ЖШС-нің есебін тыңдады. 

Бүгінгі күні құрылыс алаңында барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде:  

  • Нөлдік циклдың құрылысы, оның ішінде қазу жұмыстары, іргетасты құю бойынша бетон жұмыстары; 
  • Учаскеге өнімділігі 135 м3/сағ жаңа бетон араластырғыш тағы бір қондырғы жеткізілді.  
  • Металл конструкциялар мен механикалық жабдықтардың монтажы. Бұдан басқа, алдағы айда 500 тоннаға дейін жүк көтере алатын  алып крандарды құрылыс алаңына жеткізу жоспарланған; 
  • Инфрақұрылымдық объектілердің құрылысы – вахталық қалашық пен кірме теміржол жолдары, бірінші іске қосу кешені іске қосылды. 

“2025 жыл газ өңдеу зауытының құрылысы жобасын жүзеге асырудың негізгі кезеңі болады. Құрылыс операторына барлық міндеттемелерді уақытында орындау, яғни 2026 жылдың соңында тапсыру міндеттелді”,– деді Мейірбек Ихсанов. 

Жабдықтардың 90 пайызы газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына жеткізілген. Осы күні учаскедегі жұмысқа 900-ден астам адам мен 75 дана техника жұмылдырылған. Құрылыстың шарықтау кезеңінде, яғни 2025 жылдың мамыр айынан бастап жұмысшылар санын 2000 адамнан арттыру жоспарлануда.

6 ақпан, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16