
«Ақ Жайық» редакциясына 2024 жылдың жазында қаладағы субұрқақта қаза болған 3 жасар Никитаның анасы Светлана ҚАПИЗОВА хабарласты.
Еске салайық, өткен жылдың 26 шілдесінде Никита есімді бала Әйтеке би көшесіндегі субұрқаққа батып кеткен болатын. Сол күні ол суда ойнап жүрген, қасында екі әпкесі болған. Алайда, оның аяғын сорғыш тартқан кезде, апалы-сіңлілердің оған көмектесуге күші жетпеген. Баланы құтқаруға тырысқанымен, ол суға шашалып қалды.
Оқиға дерегі бойынша 141-баптың 2-бөлігі – «Жас баланың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Редакцияға Светлана Капизованың анасы ұсынған құжаттарға сәйкес, тергеу кезінде субұрқаққа қызмет көрсететін «Ибрахим» ЖК компаниясының өкілі Дамир КУШИМОВ куә ретінде қатысқан.
Құрылыс-техникалық сараптаманың жүргізілуіне байланысты тергеу алты айға созылған.
Орындалған жұмыстың сапасы талапқа сай ма? Құрылыс, техникалық және санитарлық талаптарға сай ма? Субұрқаққа арналған материалдар дұрыс таңдалған ба – сарапшылар осы мәселелердің бәрін сраптады. Алайда, көп айлар өтсе де, жеке кәсіпкер мұны тексеру үшін қажетті құжаттама ұсынбағандықтан, олар бұл сұрақтардың әлі жауабын бере алмады.
Нәтижесінде, Атырау қаласы прокурорының орынбасары Ж.САРИЕВ сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулы шығарды. Никитаның ата-анасы үшін бұл қаулы төбеден жай түсіргендей болды.
«Бұл қызмет көрсетуші компания тарапынан анық заң бұзушылықтар болғанымен, менің ұлымның өлімі үшін ешкім жауапқа тартылмайды дегенді білдіреді, - дейді ол.– Баламыз қаза болғаннан кейін субұрқақ тазаланып, тыйым салу белгілері қойылып, сорғы саңылауларына қорғаныс торлары орнатылды. Бұл қалай сонда? «Яғни, олар қайғылы оқиғадан кейін барлық кемшіліктерін түзетіп, ешкім мұны байқамады ма?».
Ата-ана әділет іздеп, 306-бап («Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету») бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етіп, жаңа шағым түсіруді жоспарлап отырғандарын айтты. Еске салайық, дәл осы бап бойынша 2024 жылдың 25 маусымында Жеңіс саябағында ҰОС ардагерінің бюсті құлаған жеті жасар қыздың өліміне қатысты іс қаралып жатыр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Қапизовтар отбасы ұсынған бейнеролик
В Атырау 0