
АҚШ-та Трамп трансгендерлерді әйелдер жарыстарына қатыстырмауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Трамп әйелдер спорты тек әйелдерге арналғанын мәлімдеді. Сенатор Томми Тубервиллдің сөзінше, Трамп енді Халықаралық Олимпиада комитетінен трансгендерлерді әйелдер жарыстарына мүлде қатыстырмауды талап етпекші.
Трамп қол қойған құжатқа сәйкес, трансгендерлерге әйелдер сайысына қатысуға мүмкіндік беретін мектептер мен университеттерге мемлекет қаржы бөлмейді. АҚШ президенті сондай-ақ мұндай тәжірибені Лос-Анджелестегі 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына енгізбек.
«2028 жылы Лос-Анджелесте менің әкімшілігім әйел спортшыларды еркектердің ұрып-соғып жатқанына қарап отыра алмайды», - дейді Трамп.
Трансгендерлерге қарсы жарлыққа Трамп қызметке кіріскеннен кейін бірден 20 қаңтарда қол қойған болатын.