Атырау, 8 сәуір 13:26
 ашықВ Атырау +16
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Ұшақ апатынан көз жұмған бір жолаушының мәйіті сол күйі табылмады

170 просмотра

АҚШ-та болған ұшақ апатынан кейін ұшақ қалдықтары өзеннен шығарылды. Қаза тапқандардың бірінің сол күйі денесі табылмады, деп хабарлайды Orda.kz.

Еске салайық, Вашингтондағы Рейган әуежайы маңында жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ соқтығысқан еді. Салдарынан 67 адам көз жұмған. 

Құтқару қызметінің мәліметінше, 67 құрбанның 66-сы анықталған. 

«Біз қаза болған адамдардың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Біздің жүрегіміз олармен бірге», деп мәлімдеді дәрігерлер қалалық және федералды органдардың бірлескен мәлімдемесінде.

Құтқарушылар өзеннен ұшақтың үлкен бөліктерін де алып шықты. Әрі қарай тікұшақ сынықтарын көтеру операциясы жоспарланды.

Апаттың себептері туралы алдын-ала есеп бір ай ішінде дайын болады. Бірақ толық тергеу бір жылдан астам уақытты алуы мүмкін.

6 ақпан, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.