
Атырау облысының Доссор ауылында өміріне қауіп төнгендіктен үйінен қашып кеткен 24 жастағы Эльза Солтаева ұсталды. Бейнеүндеуінде ол өзінің жағдайын айтып, үйінде өміріне қауіп төніп тұрғанын баса айтты. Эльза 3 ақпанда түсініспеушілік пен зорлық-зомбылық салдарынан өз еркімен үйінен шығып кеткенін, қазір жариялылық пен қолдау қажет екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта жас әйелдің қасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін ерікті Владислав Хорев бар. «Марем» еріктілер тобының негізін қалаушы Светлана Анохинаның айтуынша, олардың құжаттарын алып қойған.
Атырау облыстық полиция департаменті Ресей азаматтарының ұсталғанын растады. Құқық қорғаушы мен қашып бара жатқан Шешенстан тұрғыны мінген көлік тас жолда көлікке іздеу жарияланғандықтан тоқтатылған.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, шынымен де олардың құжаттарын алып қойған.
«Полицияға туыстарынан 2000 жылы туған Ресей Федерациясы азаматшаның жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Азаматшаның кім екені анықталып, Мақат аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оның үйден өз еркімен кеткені анықталды. Одан түсініктеме алынды, содан кейін ол босатылды». Түсініктемеде ол Владислав Хоревтің өзін ұрлап кетпегенін және онымен өз еркімен жүргенін түсіндірді.
Светлана Анохинаның Мақат аудандық полициясына талабы бар:
«Эльзаны полицияға талабы жоқ екені туралы бейнежазбаға түсіруді өтініп, бөлімшеден босатып жіберді. Бірақ біздің талабымыз бар! Неліктен оны сонша уақыт ұзақ ұстады? Аман қалу үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашқан әйелді неліктен туыстарымен кездесуге мәжбүр етті? Қашу үшін негіз бар. Мектепті бітіруге рұқсат бермеді. Оның келісімінсіз күйеуге беріп, жұмыс істеуге рұқсат бермеген. Ол бірнеше рет үйінен кетіп қалса да, бірақ қайтадан туыстарына қайтарып отырған. Кавказда әдетте осылай жасалады».
Анохина Мақат аудандық полиция қызметкерінің аудиожазбаға жазылған уәдесін ұсынды:
"Шешенстандық жедел уәкілге қажет құжаттар, мен бұл құжаттарды қазір жинаймын, сосын сені жібереміз. Жарай ма? Қалай болғанда да олармен кездесесіз, бірақ біздің заңнамаға сәйкес, сіздің еркіңізден тыс сізді көлікке күштеп отырғыза алмайды. Жарай ма? Біз бұған қарап тұра қалмаймыз. Жарайды, тынышталыңыз", - деп Эльзаның Қазақстан полициясы қызметкерімен сөйлескен сөзінен үзінді келтіріп.
Қазіргі уақытта Эльза мен оның серігі белгісіз бағытта сапарын жалғастырды. Жоғалған адамға берілген бағдар әлі күнге дейін «ЛизаАлерт» іздеу жасағының сайтында тұр. Эльзаның кәмелетке толмаған балалары бар, олар қазір әкесімен бірге.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -6