
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашқан шешен қызы Қазақстанда ұсталды. Белсенділердің айтуынша, оның құжаттарын туыстарымен кездеспес бұрын алып кеткен, деп жазады "Осторожно, новости" Telegram-арнасы.
Құқық қорғаушы Светлана Анохинаның айтуынша, Эльза Солтаеваның өзі «Марем» дағдарыс орталығынан көмек сұраған. Бойжеткеннің айтуынша, оны бала кезінен ұрып-соғып, күштеп күйеуге берген. Эльза бірнеше рет күйеуінен кетіп қалмақ болған, бірақ күйеуі оны қайтарып отырған.
3 ақпанда Эльза үйінен қашып кеткен, белсенді Владислав Хорев оған көлікпен Қазақстан шекарасынан өтуге көмектесіпті. Оларды Атырау облысының Доссор ауылында бірге ұстап, Эльзаның төлқұжатын алып кетіп, туыстарымен кездескенше күту керектігін айтқан.
Белсенділердің айтуынша, Эльза мен Владиславты Атырауға алып кетуі мүмкін, қыздың туыстары Қазақстанға жетіп қалыпты.
Эльзаның туыстары оған 3 ақпанда іздеу жариялаған (бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанын үйіне қайтарудың стандартты тәжірибесі).
«ЛизаАлерт» іздестіру тобы Ножай-Юрт ауылының қызын соңғы рет Волгоград облысында көргенін - оны осы өңір арқылы Қазақстанға алып кеткенін хабарлады.
В Атырау -6