
4 ақпаннан бастап облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты «Олимпиада резервін даярлау орталығы» КММ директоры қызметіне Арман Чилманов тағайындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Арман Чилманов 1984 жылы дүниеге келген. 2008 жылғы Бейжіңдегі олимпиада ойындарының таеквондодан қола медаль иегері. Екі дүркін әлем чемпионатының, үш дүркін Азия ойындарының және Азия чемпионатының жүлдегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы.
2001-2006 жж. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университетінен инженер-механик мамандығы бойынша бакалаврды тәмамдаған. 2009-2011 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен дене шынықтыру және спорт мұғалімі мамандығын игерді. 2017-2019 жж. Швейцарияның Женева қаласында «Geneva Business School» оқу орнынан MBA және спорттық менеджмент мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолы:
2003 - 2011 жж. «Штаттық командалар және спорт дирекциясында» Астана және Алматыда нұсқаушы-спортшы;
2011-2012 жж. Атырау өңірлік дене шынықтыру дамыту орталығында спорт маманы;
2012-2013 жж. Атырау өңірлік дене шынықтыру дамыту орталығы директорының орынбасары;
2013-2014 жж. «Спорттық жекпе-жек конфедерациясы» ФА ЗТБ
және күштік спорт түрлері «Таеквондо WTF Қазақстан федерациясы» ҚБ спорт менеджері;
2013 жылдан қазірге дейін Астанадағы «Штаттық командалар дирекциясы және
спорт резерві» таэквондо бойынша ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы;
2014-2015 жж. «Спорттық жекпе-жек конфедерациясы» ФА ЗТБ
және күштік спорт түрлері, «Таеквондо WTF Қазақстан федерациясы» спорт директоры;
2015 жылдан бастап «Жекпе-жек және күштік спорт түрлерінен спорт конфедерациясы" ФА ЗТБ, «Қазақстан таеквондо федерациясы (WTF)» вице – президенті.
В Атырау -6