Атырау, 21 желтоқсан 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

РТС тұрғындары қоқыс алаңын ауылдан алыстатуды сұрайды

720 рет қаралды

Құрманғазы ауданы орталығындағы РТС ауылының тұрғындары ауыл іргесіндегі қоқыс алаңының өртенуі салдарынан ауа ластанып, жергілікті халық терезелерін аша алмай отырғанын айтып шағымдануда.

- Бүгін ауылдың іргесіндегі қоқыс алаңы өртеніп, түтін иісі үйлерге кіруде. Терезе аша алмаймыз, кір де жая алмаймыз. Бұл мәселе туралы бірнеше рет айтсақ та, нәтиже жоқ, — деп шағымданды жергілікті халық.

Құрманғазы аудандық әкімдігінің мәліметінше, бұл қоқыс алаңы аталған округтің тұрмыстық қалдықтарын төгетін ресми орын болып табылады. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Руслан Сиражевтің айтуынша, қоқыс алаңы Құрманғазы ауылынан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан және оның аумағы 13,65 гектарды құрайды. Алаң аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің балансында тұр.

- 2023 жылы қоқысты қайта өңдеу және сұрыптау қондырғысы мен ангар сатып алынды. Қазіргі кезде сенімгерлік басқаруға құжаттар дайындалуда. Қоқыс алаңын алысқа көшіру жоспарда жоқ, дәл қазір түтінді өшірілді, - деп мәлімдеді Р. Сиражев.

Алайда тұрғындар бұл мәселе тек уақытша шешім болатынын алға тартады. Олардың айтуынша, көктем мезгілінде ауыл тұрғындары шөп қалдықтарын тастайды, ал жазға қарай иіс одан сайын күшейеді.

"Бұл мәселеге түбегейлі шешім табу қажет," - деп талап етуде ауыл халқы.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті тұрғындар жолдады

5 ақпан, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.