Атырау, 8 сәуір 1831
 бұлттыВ Атырау +12
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Шыңжаңда 5,0 балдық жер сілкінісі болды

325 просмотра

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (Қытайдың солтүстік-батысы) Ақсу уезіндегі Куча қаласында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inform.kz.

Қытай сейсмологиялық желілері орталығының хабарламасына сәйкес, жер сілкінісі сәрсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 07:42-де тіркелген.

Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнына іздеу-құтқару топтары шықты.

Шыңжаңның осы аймағындағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Хабарламаға сәйкес, жер сілкінісі эпицентрінің бағыты 41,23 солтүстік ендікте, 83,74 градус шығыс бойлықта орналасқан.

Тереңдігі – 10 шақырым.

5 ақпан, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16