
Олар мұны полицияның «Белсенді азаматтар» Telegram-арнасы арқылы жасайды.
Мысалы, Атырау қаласының азаматы көшедегі балалар алаңында көлік тұрғанын байқап, бұл туралы полицияға хабарлады. Патрульдік полиция шағымды 30 минут ішінде қарап, сағат 09:30-да шағым бойынша көліктің тіркеу номерін шешіп алғаны жөнінде кері фотоесеп жіберді. Келесі күні жүргізушіге 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Басқа бір азаматша ұялы телефон қолдана отырып көлік жүргізіп келе жатқан азаматты бейнежазбаға түсіріп, полициядан шара қолдануды талап етті.
Полицейлердің айтуынша, мұндай бастамалар жолдарда және жалпы қаланың қоғамдық орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі.
"Тәртіп тек камера тұрған жерде ғана емес, барлық жағдайда сақталуы тиіс екенін ұмытпаған жөн, құрметті жүргізушілер", - деп еске салады тәртіп сақшылары.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет пен бейнежазба телеграм каналдан алынды
В Атырау 0