
Ол аудандық аурухана ғимаратының жапсаржайында орналасады.
Қазіргі уақытта жапсаржай құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Атырау облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мен шымкенттік "Kemel Group" ЖШС арасында келісімшарт жасалып, жапсаржай құрылысын жобалауға 9 млн 621 944 теңге қаржы бөлінген.
Бұған дейін олар МРТ аппаратына түсу үшін жолдамамен облыс орталығына келуге мәжбүр болатын. Енді Құрманғазы ауданында аппараттың болуы тұрғындарға сапалы әрі уақытылы медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда МРТ қондырғылары Атырау қаласы мен Жылыой ауданында бар. Құрманғазы ауданында ғимарат құрылысы аяқталған соң, тұрғындар да осы заманауи медициналық қызметке қол жеткізеді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау 0