Атырау, 24 желтоқсан 22:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Атырау облысында «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу жаттығуы өтеді

651 рет қаралды

Атырау облысы аумағында 2025 жылғы 6-7 ақпан аралығында «2025 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.

Оқу-жаттығудың мақсаты - су тасқыны кезінде күштер мен объектілерді басқару бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ жедел басқару ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 6 ақпан күні сағат 11:00-де (түскі уақытқа дейін) «Баршаның назарына» дабыл сиренасы іске қосылады.

Оқу-жаттығу аясында өткізілетін іс-шаралар:

2025 жылғы 6 ақпанда сағат 09:00-де – «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың басталуы. Өтетін орны – Жедел штаб орталығы (Облыстық әкімдік ғимараты).

7 ақпан сағат 11.30-да – су тасқыны кезеңінде шұғыл авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Өтетін орны: Бесікті ауылы («Жайық» өзені жағасы).

• Бесікті ауылындағы жаға бекіту, бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізу,
• тұрғындарды Күншуақ балабақшасына эвакуациялау, 
• тіркемелі мотопомпалармен су сору жұмыстарын жүргізу, 
• Бесікті ауылы тұсында Жайық өзенінен автокөлікпен өту кезінде мұз ойылып түсіп кеткен адамды құтқару бойынша іс-қимылдар пысықталады.

4 ақпан, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.