
Сондықтан бұған дейін жеке кәсіпкерлердің сенімгерлік басқаруында болған 13 арнайы техника мемлекет меншігіне қайтарылды.
Аудан әкімі Қанат ӘЗМҰХАНОВТЫҢ айтуынша, бұл қадам елді мекендердегі санитарлық-гигиеналық жұмыстар мен инфрақұрылымдық қызметтердің жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Коммуналдық меншіктегі техникалар үш жеке кәсіпкердің басқаруында болған.
Атап айтқанда,
- ЖК "Тазалық" мекемесінде – 8 техника (вакуумды КамАЗ, "Урал", тиегіш, автогрейдер, "Гидромек", қоқыс тасымалдағыш КамАЗ, "МАЗ" және тіркеме),
- "Шерәлі" ЖК-де – 3 техника (аударғыш КамАЗ, вакуумды КамАЗ, тиегіш),
- "Данияр" ЖК-де – 2 техника (автогрейдер және аударғыш КамАЗ) болған.

Бұл техникалар аудан аумағында жолдарды күтіп ұстау, қоқыс тасымалдау және басқа да коммуналдық қызметтерді атқаруға пайдаланылып келді. Алайда, жүргізілген тексерулер барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Кейбір техникалар тиісті мақсатта қолданылмаған, келісімшарт бойынша төлемдер кешіктірілген немесе толық төленбеген, ал техникалардың күтімі талапқа сай жүргізілмеген.
Осыған байланысты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысына барлық техникаларды бір орталыққа жинақтап, мекеме балансына қайтару жөнінде тапсырма берілді.
Бұл техникалар қандай мақсатта және қалай пайдаланылатыны туралы қосымша хабарланатын болады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0