Атырау, 24 желтоқсан 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Алаяқтың жаңа айласы: коммуналдық мекеменің атын жамылып жүр

543 рет қаралды

Атырау тұрғындарына өздерін коммуналдық мекеме өкілімін деп таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалып, есептеу құралын ауыстыруды талап етіп жүр. «Атырау Жарық» мекемесінің өкілдері азаматтардан абай болуды сұрайды. Себебі мұндай қызметтер телефон арқылы көрсетілмейді.

"Алаяқтар коммуналдық мекеменің атын жамылып, тұрғындарға хабарласуды жиілеткен. Өз әрекетін жүзеге асыру үшін олар атыраулықтарға жарық есептегіш құралын алмастыру қажет екенін айтып байланысады екен.

Осындай жайтқа тап болып немесе күмәндансаңыз «Атырау Жарық» мекемесінің 
1 участок  - 8 705 792 0751
2 участок  - 8 705 792 0755
3 участок  - 8 705 7920 756
4 участок  - 8 705 7920 758
5 участок  - 8 705 7920 759
6 участок   - 8 705 792 0761
7 участок  - 8 705 792 0763
нөмірлеріне хабарласыңыз.
 
Мұндай қызметтер ұялы телефон арқылы көрсетілмейді. Бейтаныс адамдарға сенбеңіз және әрқашан ақпаратты тексеріңіз!" деп ескертеді «Атырау Жарық» мамандары.

4 ақпан, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.