Атырау, 29 наурыз 22:18
 бұлттыВ Атырау +10
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Әлем кубогі додасында атыраулық спортшылар үздік нәтиже көрсетті

Сурет
533 просмотра

Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен армрестлингтен әлем кубогінде атыраулық спортшылар пара-армрестлингтен 2 алтын, 6 күміс пен 2 қола медаль қанжығалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.


⁃ Жалпы екі күннің қорытындысы бойынша Асылан ҚАЙРУШЕВ оң және сол қолдан чемпион атанды. Қажымұқан НҰРМАҒАМБЕТОВ сол қолдан күміс, оң қолдан қола жүлдегер атанды. Медет СУПЫГАЛИЕВ сол қолдан күміс, оң қолдан қола, ал Есенжан МАҚСОТОВ екі қолдан күміс медаль ұтты. Қанжығамызға Ақтоты ОҢАЙША екі қолдан күміс медаль сыйлады. Бұл жеңістің артында маңдай тер мен үздіксіз еңбек жатыр. Бүгінде спортшылар елге жолға шықты, - деді Атырау облысы мүгедектер спорттық клубының директоры Аманбай ҚЫЗДАРБАЕВ.

4 ақпан, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16