Атырау, 24 желтоқсан 22:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырау облысында үш округтің тұрғындары әкімдерін сайлады

862 рет қаралды
Фото: exk.kz 


2 ақпан күні халық өз әкімдерін сайлады. 

Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы шықты. Жалпы үш кандидат түскен болатын. Сайлаушылар тізіміне 770 азамат енгізіліп, 413 адам сайлауға қатысты. Нәтижесінде А. Адилова 237, Е. Есмағила 74, О. Купбергенов 91 дауыс жинады. Зинеден ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған, 1975 жылы туған, Исатай орта мектебінің директоры Айгүл АДИЛОВА сайланды.

Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі бойынша үш кандидат тіркеліп, 792 адам сайлауға қатысты. Ойыл ауылдық округі әкімі болып 614 дауыс жинаған Абат АҚБАЛАШҰЛЫ сайланды. 1965 жылғы Жасқайрат ауылының тұрғыны А. Ақбалашұлы бұған дейін "Шалқыма" мәдениет үйінде шаруашылық меңгерушісі болып жасаған. 

Осы аудандағы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің сайлауына үш кандидатура түсті. Бұл күнгі халық сайлаған шараға 1035 адам енгізіліп, 584 адам қатысты. Б. Ажиғалиев 103, У. Карин 66, ал Б. Кереев 406 дауыс жинады. Қорытындысында көп дауыс алған Бауыржан КЕРЕЕВ округ әкімі болып сайланған болатын. Миялы ауылында тұратын ол бұған дейін "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Атырау өндірістік филиалының Қызылқоға газ шаруашылығының директоры болып еңбек еткен. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 ақпан, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.