Атырау, 24 желтоқсан 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Бункерде отырған құрманғазылықтар емес

721 рет қаралды

Әлеуметтік желіде Құрманғазы ауданында өрт болып, дабыл қағылып, бункерде отырмыз деген бейнежазба тарады. 

Осыған байланысты Құрманғазы ауданы әкімшілігінің баспасөз қызметі былай деп жауап берді: "Бұл видео Қазақстанда түсірілмеген. Құрманғазы ауданы аумағында бүгін күн ұзағына ешқандай дабыл қағылмады. Аудан тыныш. Оқу-жаттығу бар, бірақ ол 6-шы ақпанда өтеді. Ол алдын-ала халыққа ескертілді. Ал мына видеода біздің ауданның аты анық аталмады. Шекаралас ауылдар тыныш"

Белгілі болғандай, 3 ақпанға қараған түнде Астраханьдағы газ өңдеу зауытына ұшқышсыз ұшатын аппараттар тобы шабуыл жасаған. Зауыт шұғлы түрде жұмысын тоқтатып, қызметкерлері жарылғыз заттардан қорғану үшін паналайтын орынға орналасып үлгерген. Зауыттың өзі Астрахань облысында орналасқан.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 ақпан, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.