Атырау, 24 желтоқсан 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жылыой ауданында жолдың сапасы жақсарады

751 рет қаралды

2024 жылы аудан көлеміндегі маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 625,7 шақырымды құрайды. Оның 350, 3 ( 56 пайыз) шақырымы қанағаттанарлық жағдайда болса, ал қанағаттандырлықсызы 274, 1 (44 пайызы) шақырым. Дегенмен жыл санап жолды жақсартудың жайы қарастырылуда дейді жылыойлық мамандар. 

2025-2026 жылдары Құлсары қаласы бойынша "Болашақ" ықшамауданына автокөлік жолын (63,9 км) тротуарымен салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып жатыр. "Ақмешіт" тарихи-мәдени туристік автокөлік жолының (34, 4 км) жобалық сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткен. Жол салу жеңімпазы "Казкомсервис" ЖШС-і. Бұл ЖШС 4-ші кезең бойынша Құлсары қаласы аумағындағы 257 көшеге жаңадан жол және өткелдер салуды міндетіне алған. "Атырау" ықшамауданына автокөлік жолы (22,1 км) және тротуар салуды "АтырауИнжСтрой" ЖШС жеңіп алып отыр. 

Елді мекендердегі ауылішілік автомобиль жолын қайта жаңғыртудың 1-ші кезеңі бойынша 18,9 шақырым жол салынды. Жаңа Қаратон кентіне - 30,3, Шоқпартоғайға - 15,9, Ақкиізтоғайға - 8,6, Қосшағылға - 20,3, Тұрғызбаға - 17,1, Майкөмкенге - 14,2, Қарағай ауылына - 11,6 шақырым жол салу жоспарланған. 

2026-2027 жылдары жаңадан инфрақұрылым жүргізілген Жаңа Қаратон кентіне автокөлік жолын тротуарымен (33,7 км) бірге салу жобасы жасақталып жатыр. 

Әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2025-2027 жылдар аралығында аудан көлеміндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының сапасы 100 пайызға жеткізіледі. Наурыз айында жол салу дайындықтарына кіріседі. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 ақпан, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.