
Биыл Атырау қаласында масамен күреске 244 млн теңге қаржы қарастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш еседей көп.
Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сүйенсек, "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" дезинсекциялық жұмыстарды оң және сол жағалауға теңдей бөлуге 122 млн 74 мың теңгеден бөлуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда мердігер компания анықталмаған.
Әкімдік биыл дезинсекциялық шараларды уақытында қолға алуға тырысып жатыр. Өткен жылы бұл жұмыстар сәуір айында басталуы тиіс болғанымен, мердігердің кеш анықталуына байланысты жазға дейін жүргізілмей, халық масадан біраз зардап шеккенін еді.
Ұзақ мерзімді жоспар тоқтатылды
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланғандай, атырау қалалық ТКШ алғашында масамен күреске үш жылдық жоспар жасап, оған биыл 731 млн теңге бөлуді көздеген. Алайда қаржыландырудың өзгеруіне байланысты бұл жоспар уақытша тоқтатылды.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегілердің мәліметінше, ұзақ мерзімді келісім жасалған жағдайда жұмыстарды жыл сайын ертерек бастауға мүмкіндік туар еді. Сондай-ақ мердігер мекеме қажетті құрал-жабдықтар алдын ала сатып алып, дайын тұрар еді. Себебі масамен күрес оның жұмыртқалары тірілмей тұрғанда жүргізілсе, оң нәтиже береді. Бірақ биыл қаржылық шектеулерге байланысты бұл бастама жүзеге аспай қалған.
Айта кетейік, атырауда 2024 жылы масамен күреске 89,2 млн теңге бөлінсе, 2023 жылы бұл сома 50,4 млн теңгені қаралды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау -2