Атырау, 8 сәуір 0757
 ашықВ Атырау +24
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

​Балалары орыс тілінен емтихан тапсыра алмаған мигранттар жазалануы мүмкін

326 просмотра
РИА Новости

Ресей Федерациясының Білім министрлігі балалары орыс тілінен тест тапсырмаған және мектептерде оқымаған мигранттар үшін жауапкершілік шараларын енгізуді ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тиісті заң жобасы нормативтік актілер порталында жарияланды.

Құжаттың жобасына сәйкес, егер мигранттың баласы орыс тілінен тест тапсырмаса және қосымша курстардан өтпесе, бұл туралы ақпарат қорғаншылық органдарына жіберіледі.

Тұру жағдайлары тексерілгеннен кейін тиісті органдар ІІМ мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияны хабардар етеді. Кейін ата-аналары әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

Сонымен қатар, егер тестілеуден өткен баланың оқу процесінде білім беру бағдарламаларын игеру үшін орыс тілін жетік білмеуі анықталса, ол қайта тестілеуден өтуге міндеттеледі.

Бұған дейін Ресейдің Білім министрлігі елде мигранттар мен азаматтығы жоқ адамдардың балаларына орыс тілін білу деңгейіне міндетті тестілеу енгізілетінін растады.

Емтихан мемлекеттік және муниципалды оқу орындарында өтеді. Тестілеу 1 сәуірден бастап міндетті болады.

3 ақпан, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16